Maqamsaz

Түмен БАЛТАБАСҰЛЫ

1884 жылы Маңғыстаудың Бозашы түбегінде дүниеге келген. Жиделі-Қызан өңірлеріндегі медіреселерден білім алады. Адайдың айтулы ақыны, әйгілі әулиесі.

Абыл, Нұрым, Қалнияз, Қашаған, Ақтан, Аралбай, Әбубәкір Кердері, Мұрат Мөңкеұлы, Сәттіғұл сынды жыр жүйріктерінің үлгісімен сыр кестелеп, жыр дестелейді. Ел бірлігін қамдаған дана билігімен де жастай көзге түседі.

Кеңес өкіметі тұсында «халық жауы» атанып, ҚарЛАГ-қа жер аударылды. Қасиет-ылымының арқасында мерзімінен бұрын елге аман-есен оралды.

Ақынның «Маңғыстау», «Анау біздің Алматы» т.б. шығармалары кең тараған.

 

Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.

Фотодерек: А.Тілегенов.

Шығармалар:

2:49

Адай тегі туралы

Түмен БАЛТАБАСҰЛЫ