Maqamsaz

Есенғали БӨКЕНБАЕВ

1921 жылы Маңғыстауда Айрантақыр деген жерде туған. Жырлары түрікмен, қарақалпақ елдеріне, Маңғыстау өңіріне кең тараған ақын.

1930 жылдары тұрмыс жағдайымен түрікмен жеріне қоныс аударады. Халық әдебиеті қайнарынан сусындап өскен Есенғали ақын көп жылдар түрікмен жерінде тұрып, екі елдің, бүкіл адамзат баласының арман-мұратын жырлайды. Өнердегі өнегесі – Абыл мен Махамбет, Қашаған мен Нұрым, Ақтан мен Сәттіғұл жырлары. «Жауды жоямыз» дейтін алғашқы өлеңі 1941 жылы Красноводскідегі «Жұмысшы» газетінде жарияланады.

«Тоғыз қайық» аталатын жеке жинағы «Жазушы» баспасынан 1991 жылы жарық көрген. 

Атамекеніне оралған ақын 2002 жылы Жаңаөзен қаласында қайтыс болды.

 

Дереккөзі: Сегіз арыс Адайым. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2015.

Шығармалар:

9:11

Мұрат Өскенбаевқа

Есенғали БӨКЕНБАЕВ

14:40

Тоғыз қайық

Есенғали БӨКЕНБАЕВ