1840 жылы Маңғыстаудың Жыңғылды жерінде туған. Күйші-домбырашы, сазгер. Әке-шешесінің дүниеден ерте өтуіне байланысты Есір әкесінің туысы Манатаудың қолында тәрбиеленеді. Жас кезінен Абыл күйшіні ұстаз тұтқан. Есейіп ер жеткен соң күйшілік өнермен қатар, ұсталық өнермен айналысқан.
Есір өмір бойы домбыраны жан серігі етіп өтсе де, сыбанып топқа түсіп, өзгемен күй өрелестірмеген. Оны өзінің өмірін күймен бедерлеп кеткен өнерпаз деуге болады. Күйлерінің көбі өмірге жақын, нақты бір тарихты баяндайды. Мысалы, «Қос айырған», «Тоқсан түйе, тоғыз түйеші», «Ақжарма», «Көктөбе» күйлері патша өкіметінің отарлау саясатын суреттейтін туындылар. Есірдің бұлардан басқа «Жалдықара», «Әлди, бөпем», «Күнтай», «Шоқай төре», «Ақжелең», «Сайға бұқтым» т.б. күйлерінің де өзіндік шығу тарихы бар.
Есір күйлері Ш.Ыбырайымұлы, А.Жаңбыршин, С.Шәкіратов, Р.Айдарбаева, М.Өскенбаев, Қ.Ахмедияров, А.Сырлыбаев сияқты белгілі өнер шеберлерінің орындауында күйтабаққа жазылған.
Фотодерек: А.Тілегенов
Есір АЙШУАҚҰЛЫ
Есір АЙШУАҚҰЛЫ
Есір АЙШУАҚҰЛЫ
Есір АЙШУАҚҰЛЫ
Есір АЙШУАҚҰЛЫ
Есір АЙШУАҚҰЛЫ