1840 жылы Маңғыстаудың Бозашы түбегінде туған. Дарынды домбырашы, сазгер, палуан. «Жәмиланың зары», «Байжұма-Мамай» және т.б. күйлер шығарған. «Адайдың жеті қайқысының» бірі Шолтаман Байсарыұлы екеуі бірі күй тартып, бірі ән шырқап, жоғары Жем бойындағы тойда тарихи өнер көрсеткені, оны бүкіл Атырау халқы таңдайларын қаға тыңдағаны туралы дерек бар.
Мамайдың баласы Ізімберген де домбырашы адам болған. Енді бір баласы Қарасай – атақты батыр, Маңғыстаудағы Иса-Досан бастаған ұлт азаттық көтерілісі сарбаздарының бірі.
Дереккөзі: 1. Е.Жаманбайұлы. Ел еркесі екеу ғой. «Маңғыстау» газеті, 1990.
2. С.Керелбаев, Р.Қосбармақ. Сұрасаң руымды – Дәулеталы.
Мамай БАРАҚҰЛЫ