Маңғыстаудағы Тиген ауылының маңында туған. Әнші, сазгер. Адай руы, Жеменей бөлімінің Мырзагелді тармағынан.
Чапаев атындағы ұжымшарда түйеші, Форт-Шевченко қаласындағы «Маңғышлақмұнайгазбарлау» трестінде жүргізуші болып қызмет атқарады. Мекемесі Ералиев (қазіргі Құрық) поселкесіне көшкенде, солармен бірге Бақажан да жаңа мекенге қоныс аударады. Топырақ та сол жерден бұйырады.
Бақажанға әншілік өнер әкесі – Қойшыбайдан берілген. Оның шығармашылығының қалыптасуына рулас ағайындары Қойбас Жалбырұлы, Қойбас әндерін насихаттаушы әнші-термеші Алдаберген Бөлекбасұлының да игі әсері болды
Бақажан ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ