Maqamsaz

Қобылаш БЕКМАҒАНБЕТОВ

1934 жылы Маңғыстаудың Жармыш ауылында туған. Муса, Сүгір жырауларға еліктеген, 10-12 түрлі саз-мақаммен құбылта шырқап, ұзақ жырлауға төселген жыршы. Бала кезі Маңғыстауда өтеді, кейін Түрікменстанның Ташауыз, Қазаншық аймақтарын мекендейді. Орта Азия, Атырау елдерінде өткен жиын, тойларға қатысып «Қобылаш жыршы» атанады. «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай» жырларын Муса жырау нұсқасымен орындайды. «Үш мұңлы» сияқты желілі жырларды, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Әбубәкір, Сәттіғұл, Сүгір, Муса, Елбай, Түмен шығармаларын айтып, насихаттаушы.

 

Дереккөзі: Маңғыстау (энциклопедия). Алматы, 1997.

Шығармалар:

3:08

Қазақтың салты

Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ

3:29

Теңеу

Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ

16:27

Адай тегі

Қашаған КҮРЖІМАНҰЛЫ

11:36

Қарасай, Қази

Халық жырлары