1952 жылы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында дүниеге келген. Күйші, ұстаз, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Құрманғазы атындағы консерваторияның құрметті профессоры, «Құрмет» орденінің иегері.
Гурьев музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, осы оқу орнында мұғалім болып қалдырылады. Құрманғазы атындағы академиялық оркестрдің құрамында Италияда өткен 10-шы дүниежүзілік фестивальге қатысады, «Маңғыстау маржандары» ансамблімен Алжирдегі дүниежүзілік фестивальде лауреат атанады. Маңғыстау күйлерін нотаға түсіріп, тұңғыш рет жеке кітапша етіп шығарады. «Ақжарма» деген атпен Есірдің 16 күйін, «Мелодия» фирмасынан «Ақжарма» атты өзінің жеке күйтабағын шығарды. Қазір Маңғыстау облыстық филармониясының А.Тарақұлы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы, Маңғыстау өнер колледжінде оқытушы.
Есір АЙШУАҚҰЛЫ