Қашаған ақын жас кезінде атышулы Нұрым жыраудан бата алмақ боп үш рет барса да, кездесе алмайды. Оны естіген Нұрым риза болып:
– Жасы үлкендігімді бұлдамаймын, – деп Қашағанның ауылына өзі келіп, жас ақынның дарынын байқау үшін сөз қағыстырады.
Айтыс Нұрымның діни жұмбақтар айту түрінде өтеді. Қашаған жұмбақтардың бәрін шешеді. Риза болған Нұрым батасын береді.
Автор: Нұрым ШЫРШЫҒҰЛҰЛЫ
Орындаушы: Ақылбек ТАСҚАРАҰЛЫ