«Адайдың бес жүйрігі» атанған жыр дүлдүлдерінің бірі Ақтан Керейұлы 1850 жылы Маңғыстауда дүниеге келіп, Пайғамбар жасына қараған шағында қайтыс болған. Сүйегі қазіргі Ақтөбе облысына қарасты «Шибұлақ» деген жерде жерленген.
Орынбор, Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау өңірлерін тынбастан аралап жыр төгілткен. Талай алқада, жыйын-тойда сөз саптап, мерекелерге қатысып, Нұрым, Қашаған, Құлмамбет, Нұрпейіс, Қоспақ сынды өнер саңлақтарымен кездескен, сапарлас болған.
Ақтан өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік, халықтың мұңы мен қайғысын өз жырларына арқау етіп, халқымен ой бөлісіп, біте қайнасқан, елдің көңілін көтерген, ата-бабаларының ерлік жолдарын асқақтата жырға қосқан.
Ақтан Керейұлының негізгі шығармалары кеңестік саясаттың сүзгісінде қақалып, кейінгі ұрпақтарға жетпей қалды. Оның ақындық мол мұраларын жинақтауда халық ақыны Сәттіғұл Жаңғабылұлы көп еңбектенген, бірақ сол жинақталған туындылардың бірлі-жарымы ғана болмаса, көпшілігі баспа бетін көрмей қалған. Жарық көрген шығармалары әдеби мұраларды зерттеуші ғалым Қ.Сыдиықовтың еңбегінің арқасында әртүрлі кітаптарға енгізілген.
Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.
Фотодерек: А.Тілегенов.
Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ
Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ
Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ
Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ
Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ
Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ