Maqamsaz

Нота

Қаражан

Ақтан жігіт шағында Табын руының атақты сұлуы Қаражанмен көңіл жарастырады. Бірақ, қыздың басы бос емес.Тәуекелге бекінген жігіт қызды алып қашпаққа бекінеді. Бұның соңы бітпес дау. Оның бұл ойын аталас ағасы Қорек би біліп қойып, Ақтанды қатаң бақылауға алады. Онысымен тұрмай қыздың төркініне, айттырулы жеріне шұғыл хабар жібереді. Оны алған бойда табындар үдере көшіп кетіп, қыздарын тезірек ұзатып жібереді. Шерлі ақын содан "Қаражан" әнін шығарады. 

Әннің сөзін шежіреші Қайшыбай Боқанұлынан жазып алып, жариялаған – Қ.Сыдиықұлы, әуенін жеткізген  –  белгілі сәулетші Көпбол Демесінов.

 

Дереккөзі: Ә.Спан. Жалау Мыңбайұлы. Алматы, 2000.

Автор: Ақтан КЕРЕЙҰЛЫ

Орындаушы: Нұрым АСҚАНОВ